Кәсіпкер, заңгер «Әділет» партиясының мүшесі Санжарбек Қосаев соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлының сүйегін (басын) елге жеткізген азаматқа өз қалтасынан қомақты сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған арнайы бейнежолдауында айтты. Партия өкілі бұл бастаманы толығымен жеке қаражаты есебінен жүзеге асыруды ұйғарған.
«Кімде-кім Кенесары ханның басын елге әкелсе, туған жеріне қайтарса, мен өз қалтамнан 20 миллион теңгені сол адамға табыстаймын», — деді Санжарбек Қосаев.
Санжарбек Қосаев «Әділет» партиясының қатарына таяуда, 11 тамыз күні қабылданған. Оны саяси ұйым құрамына партияның Шымкент қалалық филиалының басшысы Мұрат Жолдыхожаев қосқан болатын.