"25 теңге" және "Келінжан 2" сынды танымал телехикаялар арқылы көпшілікке кеңінен танылған актер Нүркен Иманқұлов жуырда жас аруға үйленіп, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
Актердің сүйіктісінің есімі – Мереке екенін атап өтті.
"Әкем мен анам ресми түрде құда болды. Қызметте жүрген барлық бауырларыма отбасымның атынан үлкен алғыс. Өте қуаныштымын", – деп жазды өнер иесі.
Әлеуметтік желі қолданушылары актердің жары өзінен 21 жасқа кіші екенін жарыса жазуда. Сондай-ақ, бұл оның екінші некесі екені туралы да пікірлер айтылып жатыр.