Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Келінмен бірге тұрмаймын, күйеу баламен бірге жүрмеймін". Жұлдыз Әбдікәрімова жаһанға жар салды

14:54, 24 қаңтар 2025 1230

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сыр айтып, балаларының болашақ жарына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ол болашақ келініне талап қоймайтынына уәде берді.

“Келінмен бірге ғұмыр кешетін мен емес. Күйеу баламен де бірге жүретін ниетім жоқ. Ең әуелі олар бір-біріне жайлы болуы керек емес пе?! Менің тарапымнан шама келсе қолдау білдіру ғана болады. Қолдай алмасам, кедергі жасамаудың өзі үлкен даналық деп білемін”, – деді актриса.

Сондай-ақ екі қызының бой жетіп қалғанын да жасырмады. “Қыздарыңызды көбірек салыңызшы” деген сұраққа актриса ақталып жауап қатты.

“Бұл қос бойжеткен рұқсат бермейді. Әйтпесе, салғым-ақ келеді”, – деді киножұлдыз. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар