Әнші Ақбота Керімбекованың ұлы Ахан Шалқар үйленді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бүгін бізде қуанышты күн! Кіндік балам Ахан, Ақботаның ұлы үйленіп жатыр, бүгін екеуіміз келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Айгүл Иманбаева.
Келін түсірген Ақбота Керімбекова беташарға дайындалып жатқанын айтты.
«Тойды аман-есен өткіздік. Келініміздің бетін ашамыз бүгін, оған қоса ауызашар. Негізі әдемі кезеңге келін түсіруді Алла нәсіп етіп отыр екен. Тілек көп айтылатын, қабыл болатын ай ғой. Құдай қаласа, осы ұл-қыздың бақытын, жақсылығын көрейік. Келініміз адалынан болып, әулетімізді көркейте берсін», – деді әнші.