Бразилияда Рождество қарсаңында құрамында мышьяк болған тортты жеген отбасының улану оқиғасына байланысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Alash.kz
Оңтүстік Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Торрес қаласында болған бұл қайғылы оқиғадан үш адам қайтыс болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Дүйсенбі күні Риу-Гранди-ду-Сул азаматтық полициясы баспасөз мәслихатында құрбандардың бірінің келіні негізгі күдікті екенін растады.
Полицияның мәліметінше, торт ұсынылған кезде бөлмеде жеті адам болған. Бір адам торт жемеген, ал қалған алтауы оны жегеннен кейін ауруханаға түсті.
Майда мен Неуза есімді әпкелер және Неузаның қызы Татьяна кейінірек қайтыс болды.
Жексенбі күні қамауға алынған күдікті – тортты пісірген 60 жастағы Зели дос Аньостың келіні деп хабарлайды CNN Brasil.
Полицияның мәлімдеуінше, күдікті отбасымен жиырма жылдан астам уақыт бойы келіспеушіліктерде болған.
Күдіктіге үш адамды өлтірді және қалғандарын өлтіруге оқталды деген айыппен ұсталды.