Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Келесі Ұлттық құрылтай қай облыста өтеді?

09:10, 16 наурыз 2024 379

Биылғы Ұлттық құрылтай Атырауда өтті. Ал келесі Құрылтай қайда өтеді? Бұл сауалға кеше алқалы жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді.

«Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», - деді Президент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар