Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Мәліметке сәйкес, Қадыровтың екі бүйрегі де істен шығып, қазіргі уақытта ол Шешенстанда өзінің жеке ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Дереккөздерге сүйенсек, осы жағдайға байланысты Қадыров әулетінің мүшелері, соның ішінде шетелде жүрген туыстары да жиналған.
Кремльде оның орнына жаңа басшы іздеп жатқаны хабарланды. Қарастырылып отырған негізгі кандидаттар қатарында:
- Шешенстан премьер-министрі Магомед Даудов;
- "Ахмат" арнайы жасағының командирі Апти Алаудинов;
- Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы, 20 жастағы Ахмат Қадыров бар.
Еске сала кетейік, жуырда Ахмат Қадыров Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалғанын жазған едік.