Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Катя деп атаған": Астанада белгісіз ер адам күдікке ілінді

12:15, 06 тамыз 2024 537

Астанада мас ер адам 9 жастағы қызды ойнап жүрген жерінен ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Қыздың анасының сөзінше, қызы күндіз ыстық болғандықтан кешкі сағат 18:00 шамасында далаға шыққан. Мас ер адам балалар ауласында ойнап жүрген қызының жанына келіп, Катя деп шақырған.

"Қызымның есімі Айша. Қызым орыс қызына ұқсағандықтан болар, Катя деп атаған. Ауладағылар ер адамды қызымның әкесі немесе ағасы деп ойлап қалған”, – дейді әйел.


 
Оның айтуынша, ер адам қызын өзімен бірге кетуге үгіттеп, айтқанын істемесе мысығының аяғын сындыратынын айтып, қорқытқан.

Қыз алаңда тұрған көрші үйдің адамдарына келіп, оны танымайтынын айтқан. Көршілер дереу полиция шақырып, қызды құтқарып қалған.

Полиция күдіктінің ұсталып, басқа мән-жайлар анықталып жатқанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар