Зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның қазіргі жағдайы тұрақты ауыр, деп жазады Alash.KZ.
Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Еске сала кетейік, бүгін Каспий теңізінде 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Оның 9-ы қайтыс болды.
Үш әскери құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ақтаудағы трагедияның себептерін тергеп-тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайы ауыр
Алаш коллаж
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026