Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің жаңартылған әлемдік рейтингінде бірден екі сатыға жоғарылап, өз карьерасында тұңғыш рет планетаның ең мықты бес шахматшысының тізіміне енді, деп хабарлайды Alash.kz.
22 жастағы отандасымыз 2538 ұпай жинап, бесінші орынға табан тіреді. Айта кетейік, биылғы маусым айында Бибісара беделді «Norway Chess Women 2026» додасында айқын жеңіске жетіп, ФИДЕ-нің әйелдер циклінің жалпы есебінде көш бастаған болатын. Қазіргі уақытта жаһандық рейтингтің көш басында қытайлық шахматшы Хоу Ифань тұр. Бүгінгі таңда әлемнің ең үздік бестігінде Б. Асаубаевадан бөлек, тек Қытай елінің тағы үш өкілі ғана жайғасқан.
