Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Канье Уэст концерт қояды деп стадионды босатып берген". «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді

13:51, 25 шілде 2026

Алматылық «Қайрат» футбол клубы еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчын Алматыдағы Орталық стадионда емес, Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткізеді, деп жазды Alash.kz.

Клубтың мәліметінше, бұған 14 тамыз күні Алматыда америкалық рэпер Канье Уэстің (Ye) концертіне дайындық жұмыстары себеп болған. Осыған байланысты Орталық стадион матч өткізуге уақытша қолжетімсіз болады.

Стадионды ауыстыру туралы шешім УЕФА-мен келісілген.

Кездесудің нақты күні мен басталу уақыты, сондай-ақ билет сатылымы туралы ақпаратты «Қайрат» клубы кейінірек жариялайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар