Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Канделаки қырғыз билігін "русофобия" үшін айыптады. Қырғыз жағы Тинаға тойтарыс берді

18:39, 20 шілде 2024 664

Бішкек ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Telegram арнасында жариялаған жазбасын сынға алды. Ол өз жазбасында қырғыз билігінің орыстарға қарсы саясат, яғни русофобияға жол беріп отырғанын айтады, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков мәлімдеді.

Тина Канделаки генерал Панфилов атындағы жауынгерлік даңқ мұражайын бұзу шешімін айыптап, мұны русофобияға балаған. Оған қатысты:

"Ғимаратты одан әрі пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндірді, ал ғимаратты қалпына келтіру мүмкін емес", — деді Орынбеков, билік қабылдаған шешімдер қырғыз халқының мүдделеріне негізделгенін және орыс тілі мен мәдениеті ел өмірінде маңызды орын алатынын айтты.

Канделаки өз жазбасын 17 шілдеде жариялады. Онда ол апаттық ғимаратты сақтап қалу мүмкін екенін айтты, бірақ "оны кезінде қасық қаны қалғанша отанын қорғандардың аруағын қорлап, алып тастады" деп айыптады.

Оның пікірінше, елдегі руссофобия жоспары әлдеқашан дайындалған, ал ғимаратты бұзу туралы шешімнің артында батыс айтақшылары, атап айтқанда, АҚШ-тың USAID ақшасына жұмыс істейтін "Сорос-Қырғызстан" қоры мен "Ашық үкімет" тұр.

Ол Бішкектегі Батыс басқаратын саясаткерлер тобы "кеңестік тарихты, біздің ортақ өткенімізді елден алып тастап, оларды орыстарға деген жеккөрушілікпен алмастырады" деп атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?