Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов:
– Алдағы бес жылда Катонқарағай ауданын дамытуға 30 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл қаражат сумен жабдықтау желілері мен жолдарды, оның ішінде туристік нысандарды жөндеуге, қонақ үйлерді салуға гранттар беру, мектептер мен ауруханаларды қайта жаңғыртуға және салуға, ауылдарды интернетпен қамтуға бағытталады - деді.
Жоспар орындалса, Катонқарағай ауданы Қазақстандағы туристік әлеуеті ең мықты аймақтардың біріне айналатын күн таяу!