Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры әрі сенаторы Қайрат Қожамжаров Ресей азаматтығын алған деп жазады Alash.KZ.
Қайрат Қожамжаровтың өзі кезінде Мәскеуде оқыған жылдары Медведевпен жақсы қарым-қатынаста болғанын және сол достық байланыс сақталғанын айтқан. Енді сол достық оның «құтқару талонына» айналуы мүмкін деген болжам бар.
Ресей Конституциясына сәйкес, «Ресей азаматы ешқандай жағдайда ел аумағынан шығарылмайды және басқа мемлекетке берілмейді».
Демек, егер Қожамжаров Ресей азаматтығын алса, оны Қазақстанға экстрадициялау іс жүзінде мүмкін болмай қалады.
Осындай жолмен кезінде тағы бір ірі кәсіпкер – Анатолий Балушкин де Қазақстанның қылмыстық қудалауынан құтылып кеткен болатын.