Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық тағайындау: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

10:31, 28 қыркүйек 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың ресми баспасөз қызметінің хабарлауынша, кадрлық өзгеріс Президенттің тиісті Жарлығы аясында жүзеге асырылды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бақыт Нұрмұханов бұған дейін Конституциялық Соттың судьясы қызметін атқарып келген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар