Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кадрлық мәселелер бизнеске айналып кеткен" - Ермұрат Бапи Ақордадағы ауыс-түйіске ауыр сын айтты

11:11, 07 мамыр 2026

Ақордада ауыс-түйіс. Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалса, Президент әкімшілігін басқаруға Роман Скляр келді. Бұрын осы қызметте болған Айбек Дәдебай қызметінен босатылды.
Депутат Ермұрат Бапи осы ауыс-түйістерге қатысты өз пайымын былай айтыпты, деп жазады Alash.KZ сайты Ertenmedia.kz дерегіне жүгініп.

Оның пікірінше, мұндай кадрлық шешімдер биліктің ішкі ахуалында, әсіресе кадр саясаты саласында қордаланған мәселелердің көрінісі болуы мүмкін. Сөзінше, кадр мәселесіне қатысты меморгандарда белгілі  туындап, соның салдарынан осындай кенеттен ауыс-түйіс орын алып отыр.

«Соңғы кезде кадр саясаты саласында, әсіресе жоғары билік деңгейінде ішкі наразылықтар байқала бастады. Алдымызда мейрамдар тұр. Екі мейрам арасында не себепті Президент әкімшілігінің басшысын осыншама асығыс ауыстыру керек болды? Осынша асықтырған кім? Артымыздан қуған жау жоқ қой!» – деп таңғалды депутат.

Ермұрат Бәпидің айтуынша, билік дәлізінде соңғы уақытта «кадрлық бизнес» деген ұғым пайда болған. Бұл лауазымды қызметке тағайындау кезінде пайда табу мәселесін меңзейді.

«Шындықты жасырудың жөні жоқ. Соңғы уақытта кадр саясатына қатысты біраз сұрақ туындады. Ал мемлекеттік аппараттағы кадр саясатын бақылайтын жалғыз орган Президент әкімшілігі және оның басшысы. Өкінішке қарай, кадрлық мәселелер бизнеске айналып кеткен. Лауазымды қызметтерге тағайындау барысында түрлі келеңсіздіктер байқалып жүр», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар