Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық ауыс-түйіс: Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

10:32, 17 қыркүйек 2026

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шаһарды басқару 1991 жылы туған Мұрат Бөрібаевқа жүктелді.

Мұрат Бөрібаев — металлургия, экономика және бизнес салалары бойынша бакалавр әрі мемлекеттік менеджмент магистрі. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мұрат Бөрібаев еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» байыту фабрикасында қатардағы флотатор болып бастаған. Кейін осы өндіріс орнында іс жүргізуші, цех шебері, цех бастығы және фабрика директоры лауазымдарын атқарды. Сонымен қатар «Шығыстүстімет» өндірістік бірлестігінде бас инженер және «Жезқазғантүстімет» кәсіпорнында бірнеше байыту фабрикасының директоры қызметтерін атқарған. Ал осы тағайындауға дейін ол Сәтбаев қаласының әкімі лауазымын атқарып келген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар