Әлеуметтік желіде жас жігіттің мың теңгелік сертификат алып тұрған фотосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Суретте байқалғандай, жас жігітке әйел адам қандай-да бір оқиғаның құрметіне мың теңгенің сертификатын табыстап тұр. Олар фотоға түскен кабинетте сайлау кезіндегі герб бейнесі салынған әйнек жәшік, көк мата жабылған үстел тұр.
Желі қолданушылары фотоға қатысты әртүрлі пікір қалдырды.
«Тым жомарт екен», «ол жерде сайлау бюллетенін тастайтын жәшік тұр, соған қарағанда жігіт 18-ге толған сияқты, дауыс беруге келгені үшін оған кішігірім сыйлық берген», «бала сабырлы екен, оның орнында болсам сертификатты жыртып тастап кетер едім», деп жазған көпшілік.