Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жынысы ұнамаса аборт жасата салады: Гинеколог аналардың басты қателігін жайып салды

10:27, 21 қаңтар 2025 246

Акушер-гинеколог Әйгерім Төреқұлова Dope Söz подкастында жүкті әйелдер сәбиінің жынысы үшін аборт жасататынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«14 апта болғанда сәбидің жынысын білуге болады. 12 аптаға дейін әйелдің қалауы бойынша, 22 аптаға дейін медициналық және әлеуметтік себептер бойынша аборт жасалады. Оның барлығы заң бойынша, клиникалық хаттамалармен бекітілген. Әйелдің қалауы бойынша сәбидің жынысы ұнамаған жағдайда аборт жасайды. Олар қан арқылы NIPT процедурасына жүгінеді. Бастапқыда бұл тест мұндай мақсат үшін жасалмаған. Бірақ жүкті әйелдер оны тапсырып, жүктілігін тоқтатады», - дейді Төреқұлова.

Маманның айтуынша, аборт жасаудың салдары болады.

«Баланың жынысы оның сау, бақытты болатынына кепілдік бола алмайды. Бүгінде бала жоспарлап отырған ерлі-зайыптылардың мақсаты – сау баланы дүниеге әкелу», - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар