Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жылы сөздеріңіз жанымды емдейді…”: Тамара Асар жан сырын ақтарып, көпті жылатты

17:22, 14 қараша 2025 314

Белгілі әнші Тамара Асар өз оқырмандарына жан сырын ақтарып, толғанысын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Баршаңызға рахмет!
Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз менің жаныммен тәнімді емдейді.
Мен Жұмашты емдеймін.
Сөйтіп демесіп, күйбің өмірдің үйірінің жүрісіне ілесіп кету үлкен сауап…

Айғайлап ән айтқым келеді.
Дуылдаған ыстық овацияны естігім келеді.
Кеудеме қолымды қойып, көрерменіме басымды иіп,ұзаааааақ уақыт тізе бүгіп тұрғым келеді.
Көрсетпеуге тырысып, тамаққа тығылған,әлдебір араласкүйдің көз жасына булыққым келеді.
Көрерменнен келген хошиісі бұрқыраған гүлдерді құшақтағым келеді.
Сахнаның артында әр тесікпен есіктен сығалап соққан желдің өткірлігінен, жауырыннан сорғалап аққан терге, тоңғым келеді…

Махаббат ӨМІР - Жұма жібек, - деп жазды Тамара Асар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар