Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі жақында екінші қызы тұрмысқа шығатынын айтып, елден сүйінші сұрады.
«Жігіт үйленуге ұсыныс жасады. Болашақ құда-құдағиларымыз алдымыздан өтеміз деп жоспарлап жатыр екен. Алла қаласа, күтеміз. Жастардың теңін тауып, бақытты болғанын тілейміз ғой.
Үлкен қызым мен екінші қызымның арасы екі жас. Аяулым 2002, Айнара 2004 жылғы. Әпкесінің рұқсатын алыпты.
Негізі бұрын 27 жасқа дейін оқып, жұмыс істеп, аяққа тұрып алу керек деп айтатынмын. Енді Алланың бұйрығы ғой», – деді Алтынай Жорабаева журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.