Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі қызы Дараға деген ерекше аналық сезімі мен ана мен бала арасындағы тылсым байланыс туралы толғанды.
«Жаңа Даратайды аға-әпкелері кезекті теннисіне алып кеткен. Бір кезде құлағыма Даратайымның жылаған дауысы естілді. Далада көршілердің балаларының дауысы шығар деп ойладым. Бірақ көршілерде кішкентай балалар жоқ. Қазір әпкесі хабарласып айтып жатыр: "Дараның бетіне бір баланың шаригі тиіп кетті, жылады" деп. 2-3 км жердегі дауыс естілмейтіні анық қой. Бірақ, менің құлағыма сол кездегі жылаған дауысы қайдан келді?! Аң-таң болып отырмын. Басқа қалаға жұмыспен кеткенде де "Мама" деген кішкентай қыздың дауысын естісем елең ете қала берем. Қазекемді кішкентай кезінде қалдырып басқа қалаға ұшқым келмейтін еді. Енді Даратайым үшін тек Алматыдағы жұмысыма ғана барып, үйде болғым келеді. Менің жұмысымның ең қиыны осы», — деп жазды әнші.