Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жыладым. Жеке өміріме қатысты досымнан сатқындық көрдім”. Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

21:40, 13 сәуір 2025 8911

Әнші Айгүл Иманбаева өзіне сатқындық жасаған достары туралы айтып, басынан өткен қиын жағдайды еске алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Достан сатқындықты көрдім. Маған оны бүгінгі күнге дейін айту өте ауыр. Өйткені мен ол досымды әлі күнге дейін жақсы көремін. Өмірімде бір емес, үш бірдей досымнан сатқындық көрдім. Жеке өміріме қатысты досымнан сатқындық көрдім. Күнделікті өмірдегі тыныс-тіршілікте материяға қатысты досымнан сатқындық көрдім. Оның барлығын басымнан өткеріп, қайтадан бас көтеріп шығу - маған оңайға соққан жоқ. Иә, мен сындым. Құладым. Жыладым. Жаттым бүк түсіп… Депрессияның түбіне түстім. Қаншама жылдар бұрын…  Ең бастысы — егер сен ол досыңды шынымен жақсы көрсең, қимасаң, жүрегіңде әлі де бір қимастық болса, бір-ақ нәрсе қалады — қабылдау. Болды. Сол досыңды сол күйінде, сол сатқындығымен қабылдайсың. Иә айтады ғой, сені бір сатқан дос міндетті түрде екінші рет сатады деп айтады ғой. Ары қарайғы жолымда мен ол досымнан сақ болып жүремін. Бірақ жүрегім қимайды… Бұл жақсы ма, білмеймін…”,- деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар