Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жыладым. Бүкіл сырын маған ашты”. Мақпал Жүнісова Нұрқаділов жайлы ел естімеген естелігін айтты

14:46, 15 тамыз 2025 358

Қазақстанның Халық әртісі, Эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен алғашқы кездесуі туралы айтып берді, дер хабарлайды Alash.kz. 
Әнші 80-жылдардың аяғында “Гүлдер” ансамблінде ән салып жүрген кездерінде өмірлік жарымен қалай танысқаны жөнінде журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі. Алматыда басшылық қызметтегі азаматтың алдына кіріп, мұң-мұқтажын айтқан талдырмаш ару алғашында болашақ жарымен сөзге келіспей қалған: 

Ең алғашқы 89-жылда болды. Анандай жерде отыр екен. Жеткенше аяғым, қолым дірілдеп кетті. Ол кісінің мысы… Көзбен тескен кезде. Көзқарасымен тесіліп қарап отырды маған. Қағазға жазып алып келгенмін ғой. Тоғыз жыл болды жатақханада тұрып жатырмын. Мен  бірінші кезекте тұрмын негізі. Бірақ, күйеуге кім шығады бізде “Гүлдерде” сол алып кете береді. Ана кісі бәрін тыңдап отырды да, “Ладно, иди! 20 күннен кейін кел маған” деді. Дәл осылай айтты. Өтірік айтсам, төбемнен тас ұрсын. Шок болып қалдым. 20 күні несі. Мен бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатырмын ғой. “Сіз маған “да” или “нет” деп айтыңыз! Бересіз ба? Бермейсіз ба?” деп тақылдап тұрмын ғой. Ана кісі шошып кетті. Ешкім олай оған сөйлемген болу керек. Орнынан ұшып тұрды да, “Иди! Там тебе объяснят» дейді. Мен вообще шошыдым. “Мынауың вообще жынды екен” дедім. “Енді алдыңа келмеспін” деп, жатақханаға бардым да, өкіріп тұрып жыладым. Жарты жылдан кейін мені Жібек Әмірхановна деген кісі шақырып айтады: Мақпал, айналайын, сен дайындал! Мароккоға барасың! Өлең айтасың!” деп. Аэропортқа ұшайын деп бара жаттық. Ол кезде қарапайым адамдар ұшақтың арт жағынан мінеді. Бастықтар алдынан мінеді. Біз өтіп бара жатсақ, бастықтар тұр. Жаңбыр сіркіреп тұр. Басына шляпа киген бір кісі тесірейіп қарап тұр маған. Көзім түсіп кетті. Гаухар Мырзабековаға айттым қасымдағы “түрін бір жерден көрген сияқтымын” дедім. Мен ол кісіні шляпасыз көрдім ғой. Гаухар айтады: “Это же Нуркадилов” деп. Сөйтсем, “біздің делегацияның бастығы осы кісі” дейді. Бұл кісі кейін маған бүкіл сырын ашты ғой. Сонда, әдейі “мені қосыңдар” деп айтқан осы Зәкең екен. “Алдыма келген жоқ қой мына қыз. Көрейін енді” деп.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар