Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүйкесі нашар «күйіп-жанып» кетеді". Елдос Сметов Парижден тың мәлімдеме жасады

19:58, 01 тамыз 2024 733

Франция астанасы Парижде өткен олимпиадң чемпионы атанған қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов тың мәлімдеме жасап, спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Париж татамиінде франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесіп, Қазақстанға алғашқы алтын медальді сыйлаған Елдос Сметов көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Бұл жайлы b1rinshibol парақшасында хабарланды. Әлеуметтік желіде жанкүйерлер тарапынан «Елдос тағы олимпиадаға қатысар ма екен?» деген сұрақ туындап, қызу талқыға түскені белгілі.

Елдос Сметов – Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль, Париж-2024 олимпиадасында алтын иемденген алғашқы спортшы. Есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазған ол енді олимпиадаға қатыспайтынын атап өтті.

«Егер жауапкершілік туралы алаңдасақ, ештеңе болмайды. Жүйке жүйесі нашар адам лезде «күйіп-жанып» кетеді. Сондықтан мен жарыстағы бәсеке туралы ойладым. Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін түсіндім. Менің спорттық мансабым аяқталуға жақын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Олимпиадаға барарда ата-анама, отбасыма, балаларыма уәде бердім. Жеңіспен ораламын дедім. Олардың сенімі мен қолдауы маған мотивация берді. Бес балам, асыл жарым, ата-анам, бауырларым бар. Мен бұл жеңісті бүкіл қазақ елі мен жақындарыма арнаймын», – деді Сметов vesti.kz-ке берген сұхбатында.

Ал спорт журналисі Аслан Каженов Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевпен сұхбаттасты. Бапкер Елдостың әлі де спорт саласында бақ сынағанын қалайды.

 

Айта кетейік, Сметов Париждегі Олимпиаданың алтын медалі үшін 250 000 доллар алады. Оған қоса ақтөбелік кәсіпкер 100 жылқы сыйға тартатынын айтқан. Бүгін біз белгілі ақын Болат Шарахымбай спортшы Елдос Сметовке "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынғанын жаздық. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар