Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатын елімізге есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті.
Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.
Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.
Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.
Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.