Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Журналистерден қашпақ болған Бас прокуратура өкілі құлап қалды

16:16, 13 наурыз 2024 510

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Бас прокуратура өкілі сұрақтың астына алды.

Әлеуметтік желіде Бас прокуратура өкілінің Мәжілісте сүрініп құлаған видеосы тарады.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевке журналистер сұрақ қоймақ болып, оны қоршап алады. Шыңдалиев сұрақтарға атүсті жауап беріп, тез сытылып шығуға тырысқанда алдында тұрған Бас прокуратураның парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов сүрініп, құлап қалған.

Бірақ әлгі видеода БАҚ өкілдері оған «ол жақтан шыға алмайсыз ғой» деп ескерткен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар