Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жүрегіне 2 рет ота жасалған даун синдромымен ауыратын оқушыны мұғалім аямай ұрған (ВИДЕО)

11:30, 14 сәуір 2025 1825

Түркістан облысында даун синдромы бар бала соққыға жығылған, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайт туралы «Әділ кәсіподақ» ұйымы жария етті. Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы баланың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы "Ақылды бала" коррекциялық орталығына барып жүрген.

- Жақында сабақ үстінде болған мына жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұғалім Еркебұланды аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа қойып, таяқпен ұрып жатыр ма?, дейді кәсіподақ ұйымы. 

Еркебұлан сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжаухарға мұғалімдер ұрғанын айтқан. 

— «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр...» — деп, жылаған. Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан. Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді? Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!, дейді ұйым өкілдері. 

Түркістан облысының білім басқармасы видеода көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта болған.

- Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз, делінген басқарманың Ulysmedia.kz порталына берген жауабында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар