Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жұмақта боласың деп үміттенемін!". Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштың қызы әкесін еске алып жазба жариялады

10:43, 28 желтоқсан 2024 5824

Әлеуметтік желіде қыздың әсерлі жазбасы жарияланды, деп хабарлайды ALASH.kz Minval-ға сілтеме жасап.

AZAL әуе компаниясының қаза тапқан ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды.

“Әке, сен менің қаһарманымсың, әрдайым жүрегімде боласың. Сен ондаған адамның өмірін құтқару үшін барлығын жасадың, өз өміріңді құрбан еттің. Сен өте мықтысың, мен әрқашан сендей әкемнің барына мақтанамын. Сен өте көңілді едің, біз үшін барлығын істейтінсің, біздің бақытты болғанымызды қалайтынсың. Ең керемет әке! Сен жұмақта боласың деп үміттенемін,” – делінген жазбада.

Еске ала кетейік, Embraer 190 үлгісіндегі Әзербайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі ұшақ 25 желтоқсан күні Баку–Грозный бағыты бойынша рейс орындап, Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам болған: бес экипаж мүшесі және 62 жолаушы.

Әуе апаты салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар