Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жұма күні кітап оқу үшін босату керек»: Бақытжан Базарбек шенеуніктер үшін күтпеген бастама көтерді (ВИДЕО)

18:51, 18 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік аппарат жұмысына ерекше өзгеріс енгізуді бастама етіп көтерді, деп жазады Alash.kz. 

Халық қалаулысы аптаның әр жұмасында мемлекеттік қызметшілерді күнделікті жұмыстан босатып, бұл уақытты кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға арнауды ұсынды.

Депутаттың пайымдауы бойынша, қазіргі қоғамда кітап оқу мәдениеті әлсіреп, әлеуметтік желілерге тәуелділік артып барады. Ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен халықпен қарым-қатынас сапасын арттыру үшін олардың дүниетанымын кеңейту қажеттігіне тоқталды. Осы мақсатта арнайы бөлінген күні қызметкерлер кітапханаларға барып, классикалық әдебиет пен саяси еңбектерді зерттеуі тиіс.

Бақытжан Базарбек өз бастамасының мәнін былайша түсіндірді:

«Өкінішке қарай, біз кітап оқитын ұлт емес, әлеуметтік желіні қолданатын ұлтқа айналып бара жатырмыз. Жеке ұсынысым, болашақта жұма күнін ағарту күні деп тағайындау. Ол жерде ешқандай құжаттама, тапсырма, мемлекеттік қызмет болмауы керек. Мемлекеттік қызметкерлерді босатып, ол кітапханаға барып, күнделікті санасын жоғарылатсын. Макиавели мен Абайды оқыған мемлекеттік қызметші халықпен дұрыс жұмыс істей алады».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар