Продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің шетелде демалып жүрген видеосына “одан да бұл ақшаға Жұлдызға үй алып беруіңіз керек еді” деп пікір қалдырып, ақыл айтпақ болған адамды орнына қойды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Неге өтірік парақша ашып жазып отырсың?! Жұлдызға үйді сен алып бермейсің ғой, не алса да біз алып беретін шығармыз. Ұлымның отбасы біздің де отбасымыз, әр нәрсенің өз уақыты болады. Біреудің отбасынан кір іздеп, неге ақыл айтқышсыңдар? Өз отбасыңда бәрін минуссыз керемет қойып па едің? Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленген жаңына ляззат сыйлайды ма?”,- деп жазды Гүлзира Айдарбекова.