Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүлдегер магистранттар". Ел абыройын асқақтатқан олимпиада жүлдегерлері білім грантын олжалады

18:30, 03 қыркүйек 2024 350

Париж Олимпиадасында жүлдегер атанған спортшыларымыз білім грантын иеленді. Оларға көрсетілген құрметтің көрінісі ретінде берілген грант көмегімен магистатуралық білімге жол ашылды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы

Қазақ спорт және туризм академиясы Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевты оқуға қабылдады. Аталған спорт саңлақтары магистрант атанды. Бұл жайл b1rinshibol парақшасы жазды. 

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов білім күніне арналған жиында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыс етті.

«Тәжірибе жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал, артымыздан ерген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар», - деді Демеу Жадыраев


Еске сала кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлде еншілесе, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан күміс медаль жеңіп алған еді. Ал Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Олимпиаданың қола жүлдеге қанағат тұтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?