Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүктілігі туралы босанар сәтте бір-ақ білген»: Алматыдағы медициналық орталықта ерекше оқиға болды

15:48, 08 мамыр 2026

Алматыдағы жекеменшік медициналық орталықтардың бірінде сирек кездесетін оқиға орын алды, деп жазады Alash.kz. 

Денсаулығындағы кінәратты асқазан-ішек жолдарының сырқаты деп ойлаған қала тұрғыны дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алайда медициналық тексеру нәтижесі келіншектің жеті айлық жүкті екенін көрсетіп, тіпті қаралу барысында оның толғағы кенеттен басталып кеткен.

Мамандар шұғыл түрде ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, жағдайдың мән-жайын анықтағаннан кейін жедел медициналық жәрдем көрсетуге көшті. Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында босану процесі сәтті өтіп, дүниеге дені сау нәресте келді. Бұл тосын жағдай әйелдің өзі үшін де, медицина қызметкерлері үшін де үлкен жаңалық болды.

Медициналық мекеменің таратқан ақпаратына сүйенсек, бұл келіншектің өміріндегі алғашқы жүктілігі екен. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы бала сүйе алмай жүрген және іштей қыз баланың ата-анасы болуды армандаған. Осылайша, асқазан ауруы деп басталған сапар отбасы үшін зор қуаныш пен көптен күткен арманның орындалуымен аяқталды.

Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы тұрақты, олар мамандардың бақылауында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар