Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жүкті әйелді жұлқылап, телефонын тартып алған” - Семей емханасында болған жанжал туралы тың ақпарат шықты

15:27, 18 желтоқсан 2025

Семей қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде жүкті келіншекке қатысты өрескел оқиға тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қабылдауға дайындалып тұрған әйел өзінен бұрын басқа науқастың кезексіз кірмек болғанына куә болған. Жәбірленушінің айтуынша, бастапқыда іштегі сәбиінің амандығын ойлап, жанжалға араласпауға тырысқан. Алайда ер адам балағат сөздер айтып, қорлай бастаған. Жағдай ушығып, келіншек болған жайтты тіркеу үшін телефонын алып, бейнежазба қоспақ болған сәтте ер адам оның қолын қатты бұрап, телефонын жұлып алған.

Жанжалға сол сәтте дәрігерлер араласып, тараптарды ажыратқан. Оқиға барысында жүкті әйелдің психологиялық күйі нашарлаған.

Кейін жәбірленуші полицияға арыз жазған. Алайда құқық қорғау органдары ер адамға қатысты тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектелген. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып, жүкті әйелдердің қоғамдық орындардағы қауіпсіздігі мен медициналық мекемелердегі тәртіп мәселесін қайта көтерді.

Оқырмандар мен құқық қорғау саласының мамандары мұндай әрекеттерге қатаң құқықтық баға берілуі тиіс екенін алға тартып отыр. Оқиғаның мән-жайы әлі де талқылануда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар