ШҚО-да мектепте төбелес болып, желіде видеосы жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Желіде таралған мәліметке сүйенсек, оқиға Герасимовка ауылында болған. Жасөспірімдер жасы кіші оқушыларды жүйелі түрде соққыға жығып, қысым жасап келген. Айтқанын орындамаған жағдайда келеңсіз жағадайларға ұшырап тұрған.
Оқушылардың бірінің анасы облыстық прокуратураға арыз түсірген.
Өз кезегінде облыстық Полиция департаменті бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болғанын, оларға қатысты профилактикалық жұмыс жүргізілгенін хабарлады.
Айта кетейік, осыған дейін Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені хабарланған болатын.