Қызмет кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған жедел жәрдем қызметкері Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел желіде жазба жариялап, марқұм жұбайын есіне алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді.
Ол менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды.
Ол біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді.
Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді... Бірақ оның жарығы сөнген жоқ.
Ол құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады.
Ол өзінен кейін өшпейтін із қалдырды - жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде.
Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным…”,- деп жазды марқұмның күйеуі.