Алматыда дүниеден озған ұлы жазушы Мұхтар Мағауиннің қырық күндік асы берілді, деп хабарлайды Alash.kz.
Журналист Жанар Байсеміз асқа жұбайының келгенін жазды.
“Зулаған уақыт… Аңыз адам Мұхтар Мағауиннің өмірден өткеніне де 40 күн болды. Мағауиндер әулеті Алматыда жазушының қырқын берді. АҚШ-тан Мұхтар Мағауиннің жұбайы Бақытжамал апамыз келіп, ел-жұртымен көрісті. Адамда арман таусылған ба?! Жазушы өмірінің соңғы сәттерінде «кіші немеремнің алты-жетіге толған шағында кетсем, мәңгілік есінде қалар едім», — депті. Ұлы жазушының рухы пейіште шалқысын. Мағауин өлген жоқ. Мағауиннің екінші ғұмыры басталды. Мағауин қалдырған мол мұра мәңгілікке мәңгілік!», — деп жазды БАҚ өкілі.