Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жошы ұлысы туралы телехикая неге ағылшын тілінде түсіріледі?

24 мамыр 2024 256

«Dara» президенттік бастамалар қоры «Karga Seven Pictures» киностудиясымен бірлесе Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты сериядан тұратын ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық телехикая түсіруді бастады.

Бұл туралы Alash.kz сайты «Dara» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Туынды Алтын Орда империясының даму кезеңдері Жошы ханның өмірінің тарихы негізінде түсіріледі.



Телехикаяның продюсері креативті директоры Эмре Шахин жетекшілік ететін «Karga Seven Pictures» компаниясы. Түсірілім 2024 жылдың күзінде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жазды DALA INSIDE.  

Karga Seven Pictures Netflix үшін 90-нан астам елде үздік 10-телехикаяға айналған Rise of Empires: Ottoman және Testament: The Story of Moses хикаялары сияқты ірі тарихи деректі драмаларды түсірді.

«Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Осы ауқымды тарихи жобаны жүзеге асыруда «Dara» қорымен бірлесіп, жұмыс жасау біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті Karga Seven Pictures креативті директор Эмре Шахин.

2024 жылы Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Осы атаулы күнге арналған тарихи деректі жоба мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тамырын көрсетеді.

Жаппай аудиторияға арналған деректі-драма ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ халқының ұлы тарихын тануға, халықаралық аудиторияның Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?