«Нұрлы Жол» вокзалында ашу шақырған "көк долы" әйел айналасына мінезін көрсетіп, тамақтану орнындағы заттарды шашып тастап, айналаны әбден бүлдірген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Halyq Uni порталының хабарлауынша, оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге жарияланды. Одан әйелдің тамақтану орындарының бірінің сөресінде тұрған тауарларды лақтырып, қалай болса солай жан-жаққа шашқанын көруге болады. Ашуға булыққан оны бір ер адам тоқтатуға тырысады, бірақ оны да итеріп жіберіп, айналадағыларға айқайлай бастайды.
Ашулы әйел мекеме қызметкерлеріне де дүрсе қойып, ақырында өзге әйелмен бірге қолтықтасып кете барады.
Көліктегі полиция департаменті долы әйелдің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
Аталған факті бойынша тексеру амалдары қолға алынды. Қазір әйелдің жеке басы анықталды. Оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деді ведомство өкілдері.