Партиядағы қызметінен кеткен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
"Мен Respublica партиясының @respublica_partiyasy тең төрағасы ретіндегі миссиямды аяқтау жөнінде шешім қабылдағанымды хабарлаймын. Бұл шешім саналы түрде және өзіме қатысты бірқатар объективті себептерге байланысты қабылданды.
Біріншіден, белгілі болғандай, қазіргі уақытта мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті саяси партиядағы жетекшілік қызметпен қатар алып жүруге жол берілмейді. Мен заң талаптарын құрметтеймін және оны қатаң сақтаймын.
Екіншіден, партияның ішкі қағидаттарына сәйкес, партия мүшелері мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. Біз саяси үдерістерге қатысу партия ішіндегі билік құрылымымен араласпауы тиіс деп санаймыз.
Үшіншіден, қазіргі таңда өз денсаулығымды қалпына келтіруге баса назар аударып жүрмін. Мен әрдайым жұмысыма жоғары жауапкершілікпен қарап келдім, бұдан кейін де мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым керек. Сондықтан да дәл қазір өзімді жақсы сезіну үшін күш-қуатымды соған салудамын.
Мен партия жолының бастауындағы құндылықтар мен идеяларға адал болып қала беремін және Respublica командасына алдағы уақытта зор табыс тілеймін. Бірге жұмыс істеген әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын!" деп жазды ол парақшасында.
"Жол берілмейді" - Руслан Берденов Respublica партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді
Қазақстанның үш аймағында әскери техника жүріп, әскер қозғалады деп хабарланды
17:39, 05 қыркүйек 2026
Ақордада ауыс-түйіс: Президент бірқатар шенеунікті жаңа қызметке тағайындады
15:14, 05 қыркүйек 2026
Сүйінші хабар: Қазақстан құрамасы 300 шақырым болатын аламанда жеңіске жетті
12:30, 05 қыркүйек 2026
"25 алтын, 13 күміс және 17 қола". Қазақ елі Көшпенділер ойындарында көш бастады
11:37, 05 қыркүйек 2026
Ұлтын сақтауға ұмтылған ұлы реформатор. Бүгін - Ұлт Ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
10:19, 05 қыркүйек 2026
Алматыдағы полицейлерге қылжақтап, жұмыс істеуіне кедергі болған блогер үш тәулікке қамалды
10:07, 05 қыркүйек 2026
Алапат апат: Су тасқыны "орып кеткен" елдегі қаза тапқандар саны 1 287-ге жетті
10:03, 05 қыркүйек 2026
«Балалар бақытты болсын! Осындай той бұйырсын!»: Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті
22:00, 04 қыркүйек 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Президент Экология және табиғи ресурстар министріне қандай тапсырма жүктеді?
19:00, 04 қыркүйек 2026
«Алғашында білмеген»: Жақындары күйеуінің қолынан қаза тапқан Ақбаян өз балаларын таныды ма?
17:49, 04 қыркүйек 2026
Зейнетақы қорындағы миллиондарды кім басқарады? Тимур Сүлейменов маңызды шешімді жария етті
17:09, 04 қыркүйек 2026
«Экологияға әсері қандай?»: Атыраулық оқушылар еккен лотос гүлі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
16:01, 04 қыркүйек 2026