Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жойылып кете жаздаған, Сталин деген көкбеттен": Орыс жігітінің өлеңі желідегі жұртты тебірентті (Видео)

12:19, 27 желтоқсан 2024 407

Әлеуметтік желіде орыс жігітінің қазақша оқыған өлеңі кеңінен тарауда. Аспанбек Шұғатаевтың тәуелсіздікке арнаған өлеңінде қазақтың басынан өткен қилы-қилы тарих, тағдырлы сөз бар.

Рухты оятып, жүректі тербейтін өлең жолдарын оқыған орыс жігітіне оқырмандар алғыс жаудыруда. "Бұл мемлекеттік тілге құрмет!", "Қазақстанға, қазақ халқына орыс халқының алғысы осылай болу керек" деп жазуда.    

 

Аспанбек Шұғатаевтың өлеңі:

Туғаннан құдай текті еткен,
Қазақта батыр жоқ деп ең
Оғыландар ай отан деп,
Соңынан қанды оқты ерткен.
Бабалар басын бәс қылып,
Аналар жасын көп төккен.
Жойылып кете жаздаған
Сталин деген көкбеттен.
Аласапыранда бір аунап,
Алаш орда деп ұрандап
Әлиxандай бек те өткен.
Бұйырар деп бір бақыт,
Аxмет, Мағжан, Мыржақып
Жаныңды құрбан етпеп пе-ең.
Жүсіпбектердің зарымен,
Бейімбеттердің қанымен,
Бейбіт күнге жетпеп пе-ем!
Әр қазақтың баласы,
Арыстарды ұл-қызыңа
Жаттатыңдар мектептен!
Халық жауы боп атылып,
Ел аман болсын деп кеткен!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар