Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғары нәтиже: Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

15:47, 27 қыркүйек 2026

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде Қазақстан командасы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл алтын – соңғы жылдары ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандық семсерлесу мектебінің кезекті маңызды жетістігі.

Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар