Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
Тоқсанбаева марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен өткен жарыста жеңіске жетті.
ҰОҚ мәліметінше, отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.
Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.