Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады.
«Самарқандта өткен FIDE Бас ассамблеясында Қазақстан өкілінің әлемдік шахмат ұйымының президенті атануы – ел спорты үшін тарихи маңызы зор айтулы оқиға.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруға және халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Бүгінде Қазақстан спортының жетістіктері де халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағытына айналып отыр.
Тимур Турловтың жаңа қызметіне толағай табыс, жауапты жұмысына сәттілік тілеймін!», – деп жазды министр.