Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қауіпсіздік талаптарын бұзған… Қамауға алынды»: Данияр Елеусіновтың басы тағы да дауға қалды

22:00, 26 қыркүйек 2026

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы халықаралық әуежайында болған оқиғадан кейін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйекте Алматы әуежайында көліктегі полиция қызметкерлері елорда тұрғынын ұстады.

“Алматы – Астана бағытындағы рейске отыру кезінде ер адам ұшақтан өз бетінше шығып, перронға жүгіріп кеткен. Осылайша, ол қауіпсіздік талаптарын бұзған. Осыған байланысты барлық жолаушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті рәсімдерді жүргізу үшін жолаушылар ұшақтан шығарылды. Соның салдарынан рейстің ұшуы кейінге шегерілді", – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

"Тексеру қорытындысы бойынша ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден бес бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, қоғамдық орында масаң күйде болғаны, тыйым салынған жерде темекі шеккені, ұшу қауіпсіздігі талаптарын және әуе кемесіндегі мінез-құлық ережелерін бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар