Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жириновскийге Алматыда ескерткіш орнатылса, үлкен дау туады – Ринат Зайытов (Видео)

09:55, 13 наурыз 2025 448
 

Депутат Ринат Зайытов ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге Алматыда ескерткіш қойылса, үлкен дау туатынын айтты, деп жазады Alash.kz.

Зайытовтың айтуынша, бұл адамға ескерткіш онату заң жүзінде мүмкін емес.

«Заң білетін адам ретінде айтайын, бұл мүмкін емес. Біз мұндай тақырыптарды көтеруден немесе айтудан аулақ болуымыз керек. Егер «міне, осындай жерде қойылады» деген әңгіме шықса, оның ар жағы үлкен шу болады. Үлкен дау туады. Заң жүзінде оған ескерткіш қою мүмкін емес. Өйткені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез-келген ескерткіш Қазақстанға еңбегі сіңген адамға ғана қойылады», – деді Зайытов.

Депутат Қазақстан тарапына кез-келген жағдайда «жоқ» деп айтуды үйренуі керек деп санайды. Әйтпесе, «айналайын деген сайын айран сұрай беретіндер» көбейетінін меңзеді. Сонымен бірге Зайытов Жириновскийге ескерткіш қою мәселесі көтерілсе, бірінші болып өзі қарсы шығатынын мәлімдеді.

Айта кетсек, Жириновский қазақстандықтар үшін Қазақстанның біртұтастығы мен мен мемлекеттігіне қатысты жағымсыз пікірлер айтуымен есте қалған адам. Қазақстанға қатысты осындай сипаттағы мәлімдемелері үшін 2005 жылы Сыртқы істер министрлігі оның елге кіруіне тыйым салған болатын. 11 наурызда ЛДПР партиясының депутаттары Жириновскийдің 80 жылдық мерейтойына орай Ресейдің бірнеше қаласында ескерткіш орнатып, деркеті фильм түсіруді жоспарлап отырғаны туралы хабар тарады. Ресейлік депутаттар сонымен бірге Жириновский дүниеге келген Алматыда да ескерткіш орнатуды көздеп отырғанын жеткізген.

Алматы әкімдігі бұл ақпараттан кейін, мәлімдеме жасап, қалалық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның қарауына мұндай ұсыныс түспегенін хабарлады.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар