Парламент отырысында депутат Жигули Дайрабаев Мәжіліс төрағасын орынсыз мақтап, тоқтаусыз "төбеге көтеремін" деп сөз естіп қалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
«Президенттің депутаттардың жұмысына жоғары баға бергені – құрметті Ерлан Жақанұлы, сіздің мүлтіксіз беделіңіздің арқасы екені сөзсіз. Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Президентіміздің сұхбатында берген ақпарат, еліміздің келешектегі дамуына қатысты бағыт-бағдарлар, өңірлерде халықпен сындарлы кездесуге үлкен мүмкіндік туғызды. Өздеріңіз білетіндей, мен ақты ақ қараны қара деп айтатын азаматпын. Қандай-да бір жағымпаздану мақсатында мақтау айту — менің табиғатыма жат нәрсе. Халқымыз жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген…», — деп сөйлеген депутаттың сөзін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бөлді.
«Сауалыңызды жолдасаңызшы, көп мақтамай», — деді Мәжіліс төрағасы.