Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер: Мәнті түйген Заттыбек елдің алғысына бөленді

16:25, 04 қыркүйек 2024 1173

Әнші Заттыбек Көпбосынов желіде елді сүйсінтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Әншінің ас бөлмесінде әйеліне қолғабыс етіп жатқан видеосы тарады.

Онда ол өзі жігіттерге ақыл айтады.

“Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!”, – деп үндеу тастады әнші. 


Желі қолданушылары әншіге рақметін айтып, “әйелдерді көкке көтеру керегінің нағыз үлгісін көрсеттің” деп жарыса жазып жатыр.

“Керемет көрініс екен”, “Үйінің берекелі екені көрініп тұр”, “Ұят-ай, ас үйден шығыңыз”, “Отбасына деген қамқорлығы бір төбе”, “Зәкеңнен үлгі алыңдар!”, “Әйеліңіз төрт мәнтіні өзі де түйе алады”, “Ер адамның тамақ пісіргенін қабылдай алмаймын”, “Қолғабыс еткен дұрыс”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар