14 шілде күні Жетісу облысында 20 жастағы қыз жоғалып кеткен болатын. Үш күннен кейін қыз өлі табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыздың мәйіті қараусыз қалған үйдің ауласынан табылды. Өлер алдында ол зорланған.
"Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа қарсы қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге деректер жарияланбайды. Іс бақылауда", - деп хабарлады Жетісу полиция департаментінің баспасөз қызметі.