Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетісу облысында оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалім 20 жылға сотталды

09:29, 04 мамыр 2024 441

Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқушыға зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған 39 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме көрсете отырып.

Сот отырысында прокурор Ж есімді ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

"Ж-ның әрекеті заң бойынша аса ауыр қылмыс санатына жатқызылып, оның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен толық дәлелденген. Оқиға туралы, сот-медициналық сараптама қорытындысы және істің басқа да құжаттарына сәйкес айғақ берілген", –делінген сот хабарламасында.

Мұғалім Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқарғаны үшін бұл қызметте істеуге өмір бойына тыйым салумен, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған жәбірленуші Г-ның заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген және баланың әпкесінің күйеуі.

Қылмыс Сарқан қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған. Кейіннен қашып кеткен ер адамды табуға Сарқан РОП жеке құрамы іздеуге жұмылдырылған. Оның көп ұзамай қала маңындағы таудан табылғаны хабарланды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар